Мереке күндері қосымша пойыздар жүреді
Алдағы көктем мерекесі қарсаңында «Жолаушылар тасымалы» АҚ қосымша біржолғы пойыздарды іске қосылатын болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы Қазақстан темір жолының ресми сайтында жарияланып отыр.
- №202/201 Астана-1-Павлодар, Астана-1 ден 20, 24 наурыз күндері жөнелтіледі, ал Павлодардан 21, 25 наурыз күндері кері шығады;
- №204/203 Астана-1-Алматы-1, Астана-1 ден 20, 24 наурыз күндері, ал Алматы-1 ден 21, 25 наурыз күндері;
- №205/206 Алматы-2-Арыс-1, Алматы-2 ден 21 наурыз күні, ал Арыс-1 –ден 23 наурыз күні;
- №241/242 Қызылорда-Атырау, Қызылордадан 20, 22, 24 наурыз күндері, ал Атыраудан 21, 23, 25 күндері кері бағытта жүреді.
Наурыз мерекесіне орай 220 қосымша вагон тіркеледі.
Сонымен қатар, қала маңы тасымалы бойынша 3 қосыша пойыз іске қосылмақ:
- № 7510 Астана-Павлодар бағыты бойынша, Астана-1 ден 19,20,21,25 наурыз күндері
- № 7502 Астана-Павлодар бағыты бойынша, Астана-1 ден 25 наурыз күні
- №7509 Павлодар-Астана бағыты бойынша, Павлодар қаласынан 20 наурыз күні жөнелтіледі.