Жаңбыр, жел, бұршақ... Шығыста күн райы қандай?

фото: depositphotos.com
«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша, 3 маусымда облыстың солтүстігі мен шығысында нөсер жауын жауады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі, күндіз бұршақ жауады.
Батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде-15-20 м/с, күндіз 23 м/с дейін жетеді.
Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтілуде. Өскеменде найзағай болуы ықтимал, батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні найзағай кезінде 15 м/с.
ШҚО ТЖД ұсынады:
- найзағай кезінде үйде болған жөн, терезелерді, есіктерді, мұржаларды жауып, электр құрылғыларын өшіріп, әзірге пайдаланбаңыз;
-көшеде металл қоршаулардың жанында, биік жерлерде және басқа да электр өткізгіштерінде тұрмаңыз;
- желдің екпіні кезінде сымдар мен тербелетін заттарға жақындамаңыз, аялдамалардың артында және ағаштардың астында жасырынбаңыз.