Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы
Фото: pixabay.com
Синоптиктер 24-25 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Шығыс Қазақстан аумағында демалыс күндері нөсер жауын, найзағай болып, қатты жел соғады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша, 24 маусымда күндіз облыстың солтүстігінде дәне шығысында жаңбыр жауады. Түнгі уақытта облыстың солтүстігінде, шығысында, ал күндіз басым бөлігінде найзағай болады. Облыстың солтүстігі мен шығысында бұршақ жауады, дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында күші 15-20 м/с болады, күндіз екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.
Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Өскемен қаласында найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні - 17-22 м/с.
25 маусымда аймақтың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады. Солтүстігінде және шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, желдің күші - 15-20 м/с, екпіні - 23-28 м/с.