KZ
Өскемен
+7°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, ОШ
488.11 530.09 5.01

Енді энергетикалық сусындардың сатылымы шектеледі

фото: depositphotos.com

5.06.2024, 15:48 123

Қазақстанда 21 жасқа толмағандарға энергетикалық сусын сатуға тыйым салынады. Тиісті заңды бүгін Мәжіліс депутаттары қабылдады, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.

Бүгін мәжілісмендер "Кейбір заңнамалық актілерге ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды екінші оқылымда қабылдады.

Осы заң жобасы аясында сөз сөйлеген депутат Елнұр Бейсенбаев Қаржы мониторингі агенттігінің деректеріне сілтеме жасап, 200 мыңнан аса кәмелетке толмаған балалар ұдайы құмар ойын ойнағанын айтты.

"Бұл жасөспірімдер энергетикалық сусындарға есеңгіреген күйде бәс тігуі мүмкін. Энергетиктер алкогольден де қауіпті болып барады. Қазір 10 жастағы бала да энергетикалық сусынды оңай сатып ала алады. Осыған байланысты, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 21 жасқа толмаған тұлғаларға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салынды", - деді депутат.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив