Қазақстанда лотерея билеттерін сатуға тыйым салына ма?
Фото: astanatv.kz
Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар мекемелерде лотерея билеттерін сатуға тыйым салынуы мүмкін, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
ҚР Туризм және спорт министрлігінің ақпараты бойынша, ойын бизнесі және лотерея қызметі мәселелері бойынша заңнамалық түзетулер пакетінде тұрғын үйлерде, жатақханаларда, ғибадат ету, білім беру, медициналық және мәдени мекемелерде лотерея өнімдерін таратуға тыйым салу туралы норма көзделген.
- Жуықта 55 түзетуді көздейтін заң жобасы Парламентке енгізіледі, - деді ҚР Туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев.
Оның айтуынша, депутаттар осы пакетке заңды қатаңдататын кемінде 35 жаңа түзетуді қамтитын толықтырулар дайындады.
Айжанат Бақытқызы
Оқи отырыңыз