ІІМ детективтік романдар мен повестердің байқауын жариялайды
Фото: depositphotos.com
Полиция күні қарсаңында еліміздің Ішкі істер министрлігі «Серт» үшінші республикалық әдеби байқауы өткізілетінін хабарлайды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі жазады.
Байқаудың басты мақсаты – елдегі қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ететін полицейлердің ерлігін насихаттау, халықтың құқықтық санасы мен мәдениетінің деңгейін арттыру, ішкі істер органдары қызметкерлерінің күрделі де қауіпті жұмысына жұртшылықтың назарын аудару, сондай-ақ қазақстандық детектив жанрын дамыту.
Байқау қорытындысын белгілі жазушылар мен ақындардан, қоғам қайраткерлерінен, журналистерден және ішкі істер органдарының ардагерлерінен құралған қазылар алқасы шығарады. Жеңімпаздардың есімі жыл соңында жарияланбақ.