KZ
Өскемен
-27°
переменная облачность жел 1 м/с, С
510.43 594.86 6.49

Полицейлердің жұмыс істеу жүйесі өзгергенін қалайсыз ба?

17.07.2019, 09:10 331

Шығыс Қазақстан тұрғындары енді 77-54-87 нөміріне хабарласып, полицейлердің жұмысына қатысты өз ойларын айта алады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

09:00 – 19:00 аралығында жоғарыда көрсетілген телефонға хабарласып, учаскелік полиция қызметкерлерінің жұмыс сапасын жақсартуға қатысты идеяларыңызды білдіруіңізге болады.

– Кері байланысты жақсартып, учаскелік полиция инспекторларына қатысты халықтың пікірін білгіміз келеді. Ойға қонымды ұсыныстарды тәжірибеге енгізіп те жібереміз. Жергілікті халықтың отбасындағы және көршілерімен арадағы қарым-қатынасын жақсы білетін, сондай-ақ адамдардың қылмыстық іске бару себебін де білетін учаскелік полиция инспекторларының жұмысын күшейтуге Ішкі істер министрлігі көбірек көңіл бөліп отыр, – деді облыстық полиция басқармасының баспасөз хатшысы Әйгерім Нұрғазина.

Оның айтуынша, келесі жыл полиция инспекторларының жылы болып жарияланбақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу