KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 1 м/с, С
512.83 600.58 6.36

Тестілеу орталығы 1 балл жинаған түлекке қатысты пікір білдірді

фото: news.arsu.kz

9.07.2024, 09:44 432

Ұлттық тестілеу орталығы қызметкерлері Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) нәтижесі бойынша 1 балл жинаған түлек туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Altainews.kz сайты.

Ведомство Ерасыл Уалиевтің екі рет - 12 және 30 маусымда Алматыда тестілеуден өткенін айтты.

"12 маусымда бұл тест тапсырушы 93 балл жинады, 30 маусымда ол 1 балл жинады, бірақ ол тестілеуден бар болғаны 4 минут өткенін атап өткен жөн", - деп түсіндірді тестілеу орталығы қызметкерлері.

Талапкерлер гранттық байқауға қатысу үшін негізгі ҰБТ-дағы екі сертификаттың бірін таңдай алады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу