ШҚО оқушысы ҰБТ-дан 138 балл жинады
ШҚО Тарбағатай ауданының оқушысы ҰБТ-дан 138 балл жинады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
ШҚО Білім басқармасының ақпараты бойынша, биылғы ҰБТ-дан Шығыс Қазақстан облысы бойынша ең жоғары балл жинаған түлек – «Алтын белгі» иегері, Тарбағатай ауданындағы Құйған орта мектебінің оқушысы Ерке Тинибаева.
Ол Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелері бойынша ең жоғары 140 баллдан 138 балл жинап, облыс бойынша үздік нәтиже көрсетті. География пәні бойынша 50-ден 50 балл жинады.
Ерке – облыстық және республикалық зияткерлік олимпиадалардың жүлдегері. Оның арманы – менеджмент саласын игеріп, болашақта еліне қызмет ету.
Оқи отырыңыз