Жаңа айналма жолайырығы ашылады – Өскемен
30 қаңтардан бастап Өскемендегі Сәтбаев және Есенберлин даңғылдары, Жібек жолы мен Базовая көшелері қиылысындағы айналма жол қозғалыс жүйесі іске қосылады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Осыған орай аталған бағыттарда тура қозғалысқа шектеу енгізіліп, көлік құралдарының жүрісі тек қана жаңа сақина тәрізді шеңбер жолайырығы арқылы жүзеге асады.
Сонымен қатар, бұл аумақта оңға бұрылуға арналған қосымша жол бөліктері ұйымдастырылды. Атап айтқанда:
– Сәтбаев даңғылынан Жібек жолы көшесі бағытына;
– Базовая көшесінен Сәтбаев даңғылына қарай.
Жол қозғалысына қатысушылардан енгізілген өзгерістерді ескеріп, жаңа қозғалыс сызбасына сәйкес әрекет ету, сондай-ақ орнатылған жол белгілерінің талаптарын қатаң сақтау сұралады.
Наргиз Еркінбекова