KZ
Өскемен
+4°
ясно Штиль
515.03 584.82 6.24

Жол жұмыстарының жоспары нақтыланды – ШҚО

шартты сурет

16.01.2023, 09:30 440 Оразай Жеңісұлы

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов жолдарды салу, жөндеу және абаттандыру бойынша кеңес өткізді.

Биыл облыстық полиция департаменті ауданындағы Спорт сарайынан Үлбі арқылы өтетін көпірге дейінгі учаскеде Астана көшесін кеңейту жалғасады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– Сондай-ақ бірінші жартыжылдықта Базовая көшесін қайта жөндеуді жоспарлап отырмыз, нәтижесінде төрт жолақты қозғалыс болады. Өскеменнен Алматы бағыты жолына ерекше назар аударылады. ЖМК шағын ауданындағы қозғалысты жеңілдету үшін Есенберлин, Жібек Жолы көшелері мен Сәтбаев даңғылын қамтитын айналма жол салу жоспары бар. Мұнда екі жоба болмақ, яғни коммуникацияларды көшіру және жол салу, – деді облыс әкімі.

Жол айрығы бойынша Славский және Пермитин көшелерін кеңейту бойынша жобалар бар. Ал Пограничная көшесін кеңейту үшін тұрғындардан 13 үйді сатып алуға қаражат бөлінді.

– Осылайша, біз орталық көшелердегі қозғалыс ағымын төмендетуге және кептелістерді азайтуға мүмкіндік беретін бірқатар бірінші кезектегі жобаларды анықтадық, – деді аймақ басшысы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу