Өскеменде биыл тағы бір айналма жол салынады
Облыс орталығындағы ЖМК шағын ауданында қозғалысты жеңілдету үшін Есенберлин, Жібек Жолы көшелері мен Сәтбаев даңғылын қамтитын айналма жол салынады.
Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов Өскемен қаласында жолдарды салу, жөндеу және абаттандыру бойынша өткен кеңес барысында айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Биыл ШҚО полиция департаменті ауданындағы Спорт сарайынан Үлбі арқылы өтетін көпірге дейінгі учаскеде Астана көшесін кеңейту жұмыстары өз жалғасын таппақ. Сондай-ақ бірінші жартыжылдықта Базовая көшесінде қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде төрт жолақты қозғалыс болады.
Сонымен қатар, Пограничная көшесінде де жолды кеңейту үшін тұрғындардан 13 үйді сатып алуға қаражат бөлінген. Осылайша, орталық көшелердегі қозғалыс ағымын төмендетуге және кептелістерді азайтуға мүмкіндік беретін бірқатар бірінші кезектегі жобалар іске асырылмақ.