KZ
Өскемен
-8°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОШ
513.55 602.09 6.42

Өскемен көшелерінде «Көктем Жеңісі» концерті өтеді

YouTube

2.05.2025, 16:00 438 Ержан Әбіш

3 мамыр күні сағат 10:00-ден бастап Өскеменде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Көктем Жеңісі» атты көшпелі концерт пен көше мерекелері өтеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Іс-шара барысында көрермендерге әскери жылдар әндері, музыкалық және театрландырылған қойылымдар ұсынылады. Сонымен қатар тұрғындарды патриоттық рухтағы атмосфера мен әсерлі қойылымдар күтеді.

Концерттік колоннаның бағыты:

09:00. Жөнелту орны: Қорғаныс министрлігі «27943 әскери бөлімі» (Жаңа Ахмер ауылы). Маршрут: Жаңа Ахмер → Меновное → Жібек Жолы → Қ. Сәтбаев даңғылы.

10:00. Әлия Молдағұлова көшесінің соңғы аялдамасы (№33, 26, 43А бағыттары). Маршрут жалғасы: Энтузиастар → І. Айтықов көшелері.

10:40. Ізғұтты Айтықов ескерткіші (гүл шоқтарын қою рәсімі)
Маршрут: Самар тас жолы → Рейш → Қазыбек би → Есенберлин даңғылы → Өтепов → Сәтбаев даңғылы → Ертіс көпірі → Желтоқсан көшесі → Новаторов пен Мыза көшелері.

11:00. Мыза көшесі («Гостиный двор» алаңы). Маршрут: Шәкәрім → Гоголь → ММҮ → Гагарин бульвары → Карбышев көшесі.

13:00. «Самал» саябағының тұрағы (Карбышев көшесі). Маршрут: Студқалашық → Астана көшесі → Үлбі көпірі → С. Нұрмағамбетов көшесі.

14:00. Арбат.

Өскемен қаласының әкімдігі бейбіт өмір сыйлаған батырларға тағзым етіп, барша қала тұрғындарын осы тарихи күнді бірге атап өтуге шақырады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу