KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 1 м/с, С
478.54 533.76 5.17

Өскеменде жаңа ПТР зертхана ашылады

10.11.2020, 17:07 156
Өскемен қалалық мәслихат хатшысы А. Светаш пен «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі М. Бахыт Өскемен қаласындағы №4 қалалық ауруханаға барды.

Аурухана компьютерлік томографпен, ПТР-мен, клиникалық және жедел жәрдем зертханаларымен, операциялық бөліммен және рентген диагностикалық кабинетімен жабдықталған.

Мәслихат хатшысы мен жобалық кеңсе жетекшісі облыс тұрғындары арасында ПТР тестілеу жүргізетін аса қауіпті инфекциялар зертханасының материалдық-техникасы және кадрлық әлеуетімен танысты.

Зертхана өкілдерінің сөзіне сүйенсек қызметкерлердің барлығы арнайы оқытудан өткен және алдағы күндері өз жұмысын бастайды.

Шығыс Қазақстан облысы ПТР тестілеу үшін 13 зертханалық лабораториямен қамтылған, тәуліктік сыйымдылығы 4048 құрайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив