KZ
Өскемен
-17°
туман жел 1 м/с, С
505.71 591.43 6.65

Полицейлер қиын жағдайға тап болған жүк көлігінің жүргізушісіне көмекке келді – ШҚО

Бүгін, 10:00 69 Базарова Айгүл

Өскемен — Семей тас жолының 25-шақырымында DAF XF жүк көлігінің жүргізушісі қолайсыз ауа райы салдарынан жол төсемінің жағдайын ескермей, басқаруды игере алмай, жолдан шығып кеткен. Оқиға орнына жедел жеткен патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жүргізушіге қажетті көмек көрсетті, деп хабарлайды Altainews.kz.

Қосымша ерікті азаматтар тартылып, тасымалданған жүктің бір бөлігін түсіруге қолғабыс етті. Жүк көлігі арнайы техникамен қауіпсіз жерге шығарылды. Төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері жүргізушінің түнгі уақытта қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жылыту бекетін орнатты.

Полиция жүргізушілерге қыс мезгілінде, әсіресе, қала сыртындағы тас жолдарда ауа райы мен жол жағдайын ескеруге шақырады.




Фото: ШҚО ПД

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу