Шығыс Қазақстанда ЖРВИ жұқтырғандардың жартысынан көбі балалар
Шығыс Қазақстан облысында жедел респираторлық-вирустық инфекциялармен (ЖРВИ) сырқаттанғандардың ішінде балалардың үлесі басым. 14 жасқа дейінгі науқастар санаты ең жоғары көрсеткішті құрайды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, ШҚО бойынша тіркелген ЖРВИ жағдайларының 61 пайызы 14 жасқа дейінгі балаларға тиесілі. Сонымен қатар, науқастар арасында бір жасқа толмаған сәбилер мен жүкті әйелдер де аз емес екені атап өтілді. Бұл – әлсіз топтар арасында қауіптің жоғары екенін көрсетеді.
Мамандар білім беру ұйымдарында ЖРВИ-дің алдын алу шараларын күшейтуді ұсынып, ата-аналарды балаларда алғашқы белгілер байқалған сәттен-ақ медициналық көмекке жедел жүгінуге шақырады.
Дамир Омаров