KZ
Өскемен
-22°
плотный туман Штиль
501.02 597.27 6.59

ШҚО-да 77 мыңнан астам тұрғын тұмауға қарсы екпе алды

23.01.2026, 13:30 124 Базарова Айгүл

Шығыс Қазақстан облысында тұрғындарды тұмауға қарсы вакциналау жұмыстары жалғасуда. Облыстық бюджет қаражаты есебінен 75 мың доза вакцина сатып алынып, соның нәтижесінде тәуекел тобына жататын негізгі санаттар қамтылып, өңір халқының 10 пайыздан астамы екпемен қамтамасыз етілді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Вакциналарды ауқымды көлемде сатып алу және екпеге қолжетімділікті кеңейту өңірдегі алдын алу шараларының кешенді бағдарламасының бір бөлігіне айналды. Қазіргі таңда Шығыс Қазақстан облысында барлығы 77 048 адам тұмауға қарсы екпе алған. Оның ішінде 75 000 адам – жергілікті бюджет есебінен, 1 868 адам – жұмыс берушілер қаражаты арқылы, ал 180 тұрғын екпені ақылы негізде салдырған.
ШҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәуле Слямғазинаның айтуынша, екпе алған азаматтар арасында иммундаудан кейінгі жағымсыз әсерлер тіркелмеген.

Мамандардың пікірінше, тұмауға қарсы вакциналау – вирустардың таралуы мен оның ауыр асқынуларының алдын алудағы маңызды қадам. Дәрігерлер, әсіресе, егде жастағы адамдар мен жас балалар үшін вакцинацияның маңызы зор екенін атап өтеді, себебі ол аурудың ауыр өту қаупін едәуір төмендететін негізгі қорғаныс тетігі болып қала береді.





Дамир Омаров

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу