KZ
Өскемен
-11°
пасмурно жел 5 м/с, З
503.44 593.35 6.55

Электр желісінде апат болып, 1800 үй жарықсыз қалды - Өскемен

2.12.2022, 14:04 916 Ләззат Қанатқызы

Бүгін сағат 12.00 шамасында облыс орталығының бірқатар көшелерінде жарық сөніп қалды.

«БЭСК» АҚ баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қосалқы станцияда апат болып, жарық сөндірілген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- №25 станцияда апат болды. Соның салдарынан 1800-ге жуық абонент жарықсыз қалды. Қазіргі уақытта сол жерде мамандар жұмыс істеп жатыр. Электр қуаты бірнеше сағаттың ішінде қалпына келтіріледі, - делінген ақпаратта.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу