ШҚО-да алты ауыл жарықсыз қалды
ШҚО-да найзағайдың салдарынан алты ауыл жарықсыз қалды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
«ШҚ АЭК» АҚ ақпараты бойынша, жлектр қуатынсыз қалған абоненттердің саны үш мыңға жуық. Сағат 15.38 шамасында қатты жел мен найзағайдың салдарынан. Черемшанка құс фабрикасының қосалқы станциясынан келетін электр тасымалдау желісі өшкен. Секисовка, Верх-Уба, Малоубинка, Быструха, Волчиха, Макеевка ауылдары жарықсыз қалды.
Қазіргі таңда электр қуаты қайта қосылды.
Электр тасымалдау желісі 1971 жылы іске қосылғандықтан әбден тозығы жеткен көрінеді.