Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 12 мекеме бар - ШҚО

ШҚО-да өмірлік қиын жағдайға тап болған 16 мыңнан астам адамға 2,7 млрд.теңге сомасында көмек көрсетілген.
Облыс аумағында бүгінгі таңда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін 12 мекеме жұмыс істейді,деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Атап айтқанда:
- Стационар жағдайында мүгедектігі бар адамдар мен қарт адамдарға арналған 6 орталық;
- Стационар жағдайында психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға арналған 3 орталық;
-1 психоневрологиялық патологиясы бар мүгедектігі бар балаларға және стационар және жартылай стационар жағдайында тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектігі бар балаларға арналған орталық;
- Шемонаиха ауданының Выдриха ауылындағы зейнеткерлерге, ҰОС қатысушыларына, тыл еңбеккерлеріне және оларға теңестірілген адамдарға арналған 1 «Уба» шипажайы;
- Алтай ауданының Грехово кентіндегі 1 оңалту орталығы.
Бүгінгі таңда өңірде осындай ұйымдардың жалпы саны 679 адамды қамтитын 7 ҮЕҰ, ал қаржыландыру көлемі 258,8 млн. теңгені құрайтын көрінеді.
Айта кету керек, орталықта жеке және топтық сабақтарға арналған кабинеттер жұмыс істейді. Мамандардың негізгі сабақтарымен қатар қосымша функционалдық кабинеттер қарастырылған: қыш ыдыстарын жасау, тігін, слесарлық шеберханалар, лего және робототехника кабинеті, әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау кабинеті, проекциялық кабинет, ЕДШ-нің 2 залы (кіші және үлкен), сенсорлық интеграция кабинеті, жұмсақ бөлме және басқалар бар.