KZ
Өскемен
-3°
пасмурно жел 2 м/с, Ю
494.87 520.65 4.91

Ана мен бала орталығында оңалту бөлімі ашылды

30.01.2020, 06:21 271

Өскемендегі Ана мен бала орталығында оңалту бөлімі ашылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Аталмыш бөлім балаларды ауыр отадан немесе қимыл-тірек аппараты, жүйке жүйесі, омыртқа, мидың түрлі жарақаттарынан кейін оңалтуға бағытталған. Тәулік бойы жұмыс істейтін стационар 50 орынға, күндізгі стационар 15 орынға арналған.

Балалармен әр түрлі дәрігер-мамандар жұмыс істейді: реабилитолог, невролог, психолог, травматолог-ортопед, тәрбиеші, нейрохирург, физиотерапевт, педиатр, емдік дене тәрбиесі бойынша инструктор, массажист.

Пациенттер облыстың барлық аудандары мен қалаларынан қабылданады. Оңалту курсынан өту үшін учаскелік дәрігерден жолдама алу қажет екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу