KZ
Өскемен
+4°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Аягөздегі оңалту орталығының ісі ілгерілеп келеді

10.10.2020, 09:14 130

Шығыс Қазақстан облысының  Аягөз ауданындағы «Балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» ісі ілгерілеп келеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.   

Аталмыш орталық 3 жастан 18 жасқа дейінгі психоневрологиялық патологиясы бар балаларды емдейді. Стационар негізінен 105 балаға арналған, онда 158 қызметкер жұмыс істейді. Қазіргі уақытта орталықта 95 бала бар.

Аймақ басшысы Даниал Ахметовтың бастамасымен орталықтағы қызмет жағдайын жақсарту, ғимаратты кеңейту және аумақты абаттандыру жұмыстары қолға алынды.  Осы мақсатта 2020 жылы бюджеттен қосымша қаражат бөлінген. Биыл ғимаратты тұтас  күрделі жөндеуден өткізу, қазандығын жөндеу, балалар ойын алаңы мен спорт алаңын жасау және оңалтуға арналған медициналық жабдықтар, жиһаздар алу сынды жұмыстар жүзеге асып жатыр. Осыған сәйкес «Аягөз аудандық балаларға арналған арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» ұжымы халықты әлеуметтік қорғау саласы бойынша стационар жағдайында арнайы қызмет көрсету стандартын толық орындауда. Қызмет алушылардың тұлғалық дамуына, әлеуметтену және бірігу деңгейін арттыруға бағытталған арнайы әлеуметтік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, қолайлы жағдайлар жасау бойынша жұмыстар жүргізіп келеді.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив