KZ
Өскемен
+14°
пасмурно жел 1,3 м/с, Ю
441.8 480.02 4.88

Зайсан ауданына жаңа әкім тағайындалды

14.06.2023, 12:19 659 Ләззат Қанатқызы

Зайсан ауданына жұмыс сапарымен келген аймақ басшысы Даниал Ахметов актив отырысында ауданға жаңа басшыны таныстырды.

Зайсан ауданының әкімі болып Аэлита Ахметсәлімқызы тағайындалды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Аэлита Ахметсәлімқызы 1967 жылы 14 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан қаласында дүниеге келген. Зайсан қаласындағы Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебін бітірді. 1984 жылы Өскемен педагогикалық институтының дене тәрбиесі факультетіне оқуға түсті. 1998-2000 жылдар аралығында Халықаралық құқық және нарық академиясын бітіріп, "Құқықтану" мамандығы бойынша екінші жоғары білім алды. 2010-2012 жылдары Семейдегі Шәкәрім Құдайберді атындағы университетте окып, эколог мамандығын алады. 2002 жылы жоғарыдағы көшбасшылық және ұйымдастырушылық, іскерлік қасиеттерді таныта отырып, Зайсан ауданында шаруа қожалықтарының дамуына үлес қосты.

Ол ұзақ уақыт өз ауданында мәслихат депутаты болды, ал 2023 жылы 19 наурыздағы сайлауда аймақ тұрғындары оны облыстық мәслихатқа сайлады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив