KZ
Өскемен
-11°
пасмурно жел 1,3 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

ШҚО-да екі ауданға жаңа әкім тағайындалды

7.04.2020, 04:28 283

Шығыс Қазақстан облысында екі ауданға жаңа әкім тағайындалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Глубокое ауданының әкімі Ерлан Аймұқашев болды. Ал аталмыш ауданды осы уақытқа дейін басқарған Қалиқан Байғонысов Алтай ауданына әкімі болып барды.

Аймұқашев Ерлан Қапарұлы 1970 жылы 18 наурызда Павлодар қаласында дүниеге келген. 1992 жылы Павлодар педагогикалық институтын «орта мектептің дене шынықтыру мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген. 1998 жылы «экономист-менеджер» мамандығы бойынша Павлодар университетін тәмамдады. 2002 жылдың қаңтарынан бастап Павлодар облысы әкімінің , содан кейін ҚР Премьер-Министрінің көмекшісі болып жұмыс істеді. 2015 жылдың сәуір айында Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды. 2016 жылдың сәуір айынан бастап 2017 жылдың мамыр айына дейін Өскемен қаласының әкімі болды. 2018 жылдың мамыр айынан бастап ШҚО әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Қалиқан Байғозыұлы Байғонысов 1959 жылы 10 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Печи ауылында дүниеге келген. 1984 жылы Өскемен құрылыс-жол институтын «инженер-механик» мамандығы бойынша бітірген. 2003 жылы гуманитарлық институтта, Мәскеу қаласында «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алды. 2007 жылдың шілде айынан 2011 жылдың мамыр айына дейін Катонқарағай ауданы әкімінің орынбасары болды. 2011 жылдан бастап Бесқарағай ауданының әкімі болды. 2014 жылы Катонқарағай ауданының әкімі болып тағайындалды. 2016 жылдың қаңтарынан 2020 жылдың сәуіріне дейін Глубокое ауданының әкімі болды.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу