KZ
Өскемен
+5°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
488.26 530.54 5.03

Тарбағатай ауданы: Білім беру саласында 18 жоба іске асырылады

Фото: inbusiness.kz

30.06.2023, 09:22 755 Ләззат Қанатқызы

Ағымдағы жылы Тарбағатай ауданында жалпы сомасы 1,4 миллиард теңгені құрайтын білім саласындағы 18 жобаны іске асыру жоспарланып отыр.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз брифингінде Тарбағатай ауданының әкімі Дархан Жөргекбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

- Шеңгелді ауылында 100 орындық мектептің құрылысы басталды, Біләлов атындағы мектеп-лицейінде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді және ішкі жиһаздары мен қоршауын жаңартуды жоспарлап отырмыз. Бұдан басқа, Маңырақ және Тұғыл ауылдарының мектептеріне күрделі жөндеу, Шорға, Жаңаауыл, Жамбыл ауылдарының мектептерінде және "Балауса-балғын" балабақшасында ағымдағы жөндеу жүргізіледі, - деді аудан әкімі.

Оның айтуынша, бюджеттен тыс жобалар аясында Қарасу ауылында жаңа балабақша салынып, мектепте жаңа роботты техника кабинеті ашылады, Ақжар ауылындағы Абай атындағы орта мектеп NIS стандарты бойынша жабдықталса, Құйған ауылының мектебінде материалдық-техникалық база жаңартылады.

- Жаңаауыл, Жетіарал, Құйған ауылдарындағы мектептерде де қайта жабдықтау жұмыстары басталды. Арнайы стандарттарға сәйкес келмейтіндер үшін жаңа мектеп ғимараттарын салуды жоспарлап отырмыз. Тағы бір мәселе - Тұғыл ауылындағы мектептің құрылысын аяқтау және пайдалануға беру. Бұл жоба 2024-2025 жылдары іске асырылатын болады, - дейді Дархан Шомпайұлы.

Сонымен қатар алдағы жылдары Ақжар ауылында Оқушылар сарайы және Ақжар ауылында жаңа колледж ашу мүмкіндіктері қарастырылатынын да атап өтті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив