KZ
Өскемен
пасмурно жел 2 м/с, В
494.87 520.65 4.91

Тарбағатай ауданында 1 мектептің құрылысы басталды

19.04.2023, 12:40 422 Ләззат Қанатқызы

Тарбағатай ауданында білім саласы бойынша былтыр 3 жоба жүзеге асырылса, биыл 17 жоба жоспарланып отыр.

Биыл бірқатар мектептерге күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз брифингінде Тарбағатай ауданының әкімі Дархан Жөргекбаев айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Қазір Шеңгелді ауылында 100 орындық мектеп құрылысы басталып кеткен. Сондай-ақ Ақжар ауылында Билялов атындағы мектеп-лицейіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ғимараттың жылу жүйесі мен терезелері ауыстырылмақ. Лицейге жаңа модификациялық 2 кабинет және мектеп жиһаздарын алу жоспарда бар.

Маңырақ ауылындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы мектепке күрделі жөндеу жұмыстары, «Балауса-балғын» балабақшасына ағымдағы жөндеу және Жалаңаш, Шорға, Жаңаауыл, Жамбыл ауылдарындағы мектептерге де ағымдағы жөндеу жұмыстары жүгізіледі. Сонымен қатар Жаңалық және Ақмектеп ауылдары мектептерінің материалдық-техникалық базаларын жақсартуға 21,3 млн теңге қарастырылып отыр, деп атап өтті аудан әкімі.

2023 жылы Тұғыл ауылындағы Тұрар Рысқұлов атындағы мектепті, Құйған орта мектебін және Билялов атындағы мектеп-лицейді
күрделі жөндеуден өткізуге жалпы сомасы 26,0 млн теңгеге жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеп, 2024 жылға күрделі жөндеуден өткізуге қаржы қарастыру жоспарланған.

Білім саласындағы шешімін табуы тиіс мәселе , Тұғыл ауылының Шоқан Уәлиханов мектебінің жанынан салынған, алайда құрылысы аяқталмаған ғимараттың құрылысын аяқтап, қолданысқа енгізу. Осылайша, Тұғыл ауылының мектептеріндегі оқушы жүктемесінің мәселесін шешу жоспарланып отыр. Аталған жоба 2024 жылы жүзеге асырылатын болады, биылғы жылы дайындық жұмыстары жүргізіледі, деді Дархан Шомпайұлы.

Ауданда жүзеге асырылып жатқан ірі әрі бірегей жоба «Ауылды жерлердегі тірек мектептерінің әлеуетін арттыру жобасы» аясында «Қазақстан халқына» қоры мен «Білім беру саласын тұрақты дамыту» қоры есебінен 250,0 млн теңге бөлініп, Абай орта мектебі Назарбаев зияткерлік мектебі деңгейінде жабдықталмақ.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында білім беру жүйесіне база назар аударған болатын.

  "Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың  заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз. Бұл ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайтады", деді Президент Жолдауында.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу