Тарбағатай ауданында 30 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылды
Шартты сурет
2022 жылдың қорытындысы бойынша Тарбағатай ауданында 30 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылып, 1,2 млрд теңге қаражат жұмсалған.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз брифингінде Тарбағатай ауданының әкімі Дархан Жөргекбаев айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
– Ақжар мен Тұғыл ауылдарына балалар ойын және спорт алаңдары, 7 ауылға көше жарығы салынды, 2,5 км ауылішілік жолдар, 11,6 км аудандық маңыздағы автокөлік жолдары орташа жөнделді. Соның ішінде ұзақ жылдар жөнделмеген Жетіарал және Қабанбай ауылдарына баратын жолдар, Қабанбай – Шорға жолын жөндеу жұмыстары басталды, – дейді аудан әкімі.
Сондай-ақ «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша 7 үй салынып, 3 білім беру саласының, 2 денсаулық сақтау саласының нысандары жөнделген.
Ақжар ауылына аудан орталығы статусы берілгендіктен 4 әкімшілік ғимаратқа да ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Оқи отырыңыз