Өскеменге тағы 77 жаңа автобус әкелінеді
Облыс орталығындағы қоғамдық көліктерді жаңарту жұмыстары 2023 жылы жалғасып табады.
Бұл туралы қала әкімі Жақсылық Омар қалалық мәслихат сессиясында айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- Қоғамдық көліктерді жаңарту үшін ағымдағы жылы 2 млрд 830 миллион теңге субсидия беріліп, 53 қоғамдық көлік жаңартылған. Жылдың соңына дейін тағы 10 автобус әкелуді жоспарлап отырмыз. Ал, келесі жылы 77 автобус сатып алу жоспарда бар, - деп атап өтті шаhар басшысы.
Сонымен қатар, биыл қалада 54 аялдама жаңартылып, 2 жылы аялдама пункті орнатылған.
- 2023 жылы жоспар бойынша 40-тан астам аялдама кешенін ауыстырып, тағы бірнеше жылы аялдама орнатамыз, - дейді Жақсылық Мұқашұлы.
Оқи отырыңыз