KZ
Өскемен
-8°
облачно с прояснениями Штиль
498.34 519.72 4.85

Жыл соңына дейін 38 жаңа автобус әкелінеді – Өскемен

26.08.2022, 09:47 240

Облыс орталығының автотасымалдаушылары әкімдік тарапынан қолдау тауып, қоғамдық көліктерді жаңарта бастады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Өскемен қаласының тұрғындары үшін ең өзекі мәселелердің бірі – қоғамдық көліктің жағдайы болатын. Бірі автобустың уақытылы жүрмейтінін айтса, тағы бірі ескірген автобустардың жиі сынатынын айтып шағымданатын.

Естеріңізге сала кетейік, жыл басында автотасымалдаушылардың бастамасымен қалаға барлығы 60 қоғамдық көлік сатып алу жоспарланып отырғанын жазған болатынбыз.

Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, бүгінгі таңда қала маршуттарында 52 жаңа көлік құралы бар көрінеді.

-        Бюджеттен субсидиялаудың арқасында біз автотасымалдаушыларға жағдай жасай аламыз, ал қала тұрғындары тарапынан ең көп шағым ескі автобустарға түседі. Жыл соңына дейін қалаға тағы 38 жаңа автобус келеді, - деп атап өтті қала басшысы Жақсылық Омар.

Сондай-ақ, Өскемен қаласының әкімі 28 аялдама кешенінің орнатылғанын хабарлады.

Айта кету керек, қазіргі уақытта Өскеменде қоғамдық көлік қызметін 10 мыңға жуық адам пайдаланады.  

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу