Бір күнде екі мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды – ШҚО
Шығыс Қазақстан облысының полицейлері бір күнде екі мыңға жуық құқық бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, тәртіп сақшылары 25 тамыздан бастап облыс аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасын жүргізді. Полиция департаментінің ақпараты бойынша, тәртіп сақшылары бір күнде 1800 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаған. Мәселен ұсақ бұзақылыққа қатысты 236 хаттама толтырылған. Сондай-ақ қоғамдық орындарда ішімдік ішу, мас күйде көлік жүргізу сынды фактілерге қатысты да біршама хаттама толырылған көрінеді.
Учаскелік инспекторлар есепке алынған контингент бойынша бақылауды күшейтті. Сондай-ақ тәртіп сақшылары полиция инспекторлары мен пробация қызметінде есепте тұрған, әкімшілік қадағалау белгіленген, шартты түрде сотталған азаматтарды тексеріп, 17 бұзушылықты анықталд, – деп мәлімдеді ШҚО ПД баспасөз қызметі.