Ішімдік ішкен 10 жасөспірім ұсталды
«Түнгі қаладағы балалар» жедел алдын алу шарасы кезінде ішімдік ішіп, мас болған 10 жасөспірім ұсталды, деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Ювеналды полиция инспекторлары 27-29 маусым аралығында аулаларда, саябақтарда және жастар көп жиналатын орындарда, сондай-ақ ойын-сауық мекемелерінде екі мыңнан астам рейдтік іс-шаралар өткізді.
Үш күн ішінде тәртіп сақшылары 447 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады, оның ішінде 398-і сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін заңды өкілдерінсіз үйден тыс жерде болған.
Мәселен, 28 маусымда ШҚО ПД ППБ қызметінің 449 экипажының инспекторлары «Өскемен-Самар» автожолының бағыты бойынша 75 км-ден 150 км-ге маршрутты патрульдеу кезінде сағат 23.00-ден кейін тұрғын үйден тыс жерде заңды өкілдерінсіз жүрген кәмелетке толмаған жасөспірімдерді ұстады. Полиция қызметкерлері жеткіншектерді Самар ПБ жеткізді, онда кәмелетке толмағандардың заңды өкілдеріне ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды .
- Жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу балалардың тұрғын үйден тыс уақытта болуы үшін кәмелетке толмағандардың 29 заңды өкілі жауапкершілікке тартылды. Бұдан басқа, 21 жасқа толмаған тұлғаларға алкоголь және темекі өнімдерін сатқаны үшін 10 кәсіпкер жауапкершілікке тартылды. Қоғамдық орындарда ішімдік ішкені үшін 10 жасөспірім ұсталды, 5 кәмелетке толмаған бала ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 435-бабы бойынша бұзақылық жасады. Кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерінде болуына жол бергені үшін 5 кәсіп иесіне қатысты хаттамалар толтырылды,- деп атап өтті ШҚО ПД бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Елдос Закимов.