Биыл ШҚО колледждерінің 716 студенті жаңа жатақханаға орналасады
Шығыс Қазақстан облысында колледждердің 716 студенті биыл жаңа жатақханаларға орналасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Осы жылы өңірдегі колледж студенттеріне 2 жатақхана қолданысқа берілмек. ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бес әлеуметтік бастамасын» іске асыру мақсатында Шығыс Қазақстанда 3900 орындық 10 жатақхананы қолданысқа беру жоспарланып отыр.
«2018-2019 жылдары 1052 орындық 3 жатақхана пайдалануға берілді. 2020-2022 жылдары 2848 орындық 7 жатақхана салынады. Биыл студенттер 716 орындық екі колледждің жаңа жатақханасына орналасады. Оның ішінде Өскеменде 428 орындық, Семейде 288 орындық жатақхана пайдалануға берілмек. Жоспар бойынша 2021 жылы Өскемен мен Аягөздегі 2 колледждің жанынан 348 орындық жатақхана бой көтереді. 2022 жылы 1784 орындық 3 жатақхана (Өскемендегі 1 колледжде 244 орындық, Семейдегі 2 ЖОО-ы жанынан 1540 орындық) ашылады», - делінген ШҚО Ақпарат орталығы таратқан мәліметте.