KZ
Өскемен
+22°
ясно жел 4 м/с, З
479.05 534.57 5.17

Даниал Ахметов медицина қызметкерлерін құттықтады

21.06.2020, 05:52 153

Құрметті денсаулық сақтау саласының қызметкерлері мен ардагерлері, шын жүректен кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын!

Сіздердің мамандықтарыңыз - ең ізгі әрі сұранысқа ие кәсіптің бірі. Бұл салада рухы берік, жылы жүректі тұлғалар жұмыс істейді. Қазақстандықтардың денсаулығы, бақыты мен әл-ауқаты сіздердің күнделікті қызметтеріңізге байланысты.

Бүкіл адамзат үшін оңай емес, осынау коронавирус инфекциясының пандемиясы кезеңінде сіздер алғы шептесіздер. Ұлт саулығы үшін тәулік бойы асқан жанкештілікпен ерен еңбек етудесіздер.

Сіздердің жоғары кәсіби шеберліктеріңіз, табандылықтарыңыз үшін шексіз алғысым мен ризашылығымды білдіремін!

Өңірдің денсаулық сақтау саласын жаңғыртудың негізгі қағидаты - озық дамуға дейінгі жүйелі жол. Соңғы жылдары атқарылған жұмыстардың оң әсері, әсіресе, пандемияға қарсы тұру кезеңінде айқын байқалып отыр. Бүгінде облыста барлық күш COVID-19 вирусының таралуын тежеуге бағытталған.

Осынау мерейлі күнде еліміздің денсаулық сақтау саласының дамуына қосқан өлшеусіз үлестеріңіз бен қажырлы қызметтеріңіз үшін тағы бір мәрте шын жүректен алғыс айтамын! Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, бақыт және амандық тілеймін!

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив