Даниал Ахметов БАҚ саласының қызметкерлерін құттықтады

Құрметті бұқаралық ақпарат құралдары саласының қызметкерлері!
⠀
Кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтап, жүрекжарды тілегімді жолдаймын.
⠀
Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғам өмірінде алар орны орасан зор. Жоғары кәсіби шеберлік, нақты азаматтық көзқарас, объективтілік журналистердің басты қасиеті.
⠀
Бүгінде Сіздер, коронавирус инфекциясымен күресте алғы шепте жанкешті қызмет етіп, ең бастысы, әр тұрғынға 24/7 режимінде тек нақты, шынайы ақпарат таратудасыздар.
⠀
Жоғары құрметке лайықты еселі еңбектеріңіз, адал ұстанымдарыңыз, шынайы репортаждарыңыз, очерктер мен мақалаларыңыз үшін зор алғысымды білдіремін.
⠀
Баршаңызға мықты денсаулық, мол бақыт, салқылмас шабыт, жаңа идеялар мен табысты жобалар тілеймін!
Мереке құтты болсын!