KZ
Өскемен
+3°
переменная облачность Штиль
481.19 538.45 5.18

"Саясат та, ақша да емес": Айбек Нұғымаров коронавирус жұқтырды

14.06.2020, 07:21 170

Семейде бірден екі колледж директоры ауруханаға түсті, олардың бірі - көлік колледжінің директоры, қазақ күресінен үш дүркін әлем чемпионы Айбек Нұғымаров

Қазақ күресінен үш дүркін әлем чемпионы, "Әлем барысы" турнирінің екі дүркін жеңімпазы Айбек Нұғымаров коронавирус жұқтырды.

"COVID-19 диагнозымен аурухананың инфекциялық бөлімшесіне бірден екі колледж директоры түсті. Бірі – электртехникалық колледждің директоры Азат Сәрпеков, екіншісі – Семей көлік колледжінің директоры, қазақ күресінен үш дүркін әлем чемпионы, "Әлем барысы" турнирінің екі дүркін жеңімпазы Айбек Нұғымаров", - делінген хабарламада.

Инстаграмда жарияланған видеода Нұғымаров коронавирус індеті өзін де айналып өтпегенін айтты.

"Көріп отырғандарыңыздай, Семей қалалық инфекциялық ауруханасында жатырмыз. Осыдан бір апта бұрын ауру басталды. Қазір кімнен, қалай жұққанын біле алмай отырмыз. Бірақ, сақтандыру шараларын қолданбағанның кесірінен осылай болды", - дейді ол.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив