KZ
Өскемен
+24°
гроза жел 3 м/с, ОШ
471.46 504.79 5.53

Айбек Нұғымаров Семей әкімінің қабылдауында болды

19.12.2019, 05:29 101

Қала әкімі Ермак Сәлімов "Әлем барысының" чемпионы Айбек Нұғымаровты қабылдады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Естеріңізге салсақ, 33 балуан қатысқан байрақты бәсекеде жерлесіміз күміс жүлдеге ие болған еді. Қала басшысы спортшыны кезекті жүлдесімен құттықтады.

- Бүгін барыс бауырыммен кездесіп,әлем барысы туралы әңгімелесіп, болашақ жоспарларымен бөлісіп, ұсыныстарын тыңдадым. Міне осындай азаматтар біздің қаламыздың абыройын асқақтатады, біздің жастарымыз оларға қарап бой түзеуі керек деп ойлаймын, - деді шаһар басшысы.

Екі дүркін «Әлем барысы» атанған Айбек Нұғымаров пен оның бапкері қала әкімінен естелік сыйлық алды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив