KZ
Өскемен
+1°
небольшая облачность Штиль
481.19 538.45 5.18

Семейде қазақ күресінен халықаралық жарыс өтеді

6.02.2020, 06:33 219

Шығыс Қазақстан облысында қазақ күресінен халықаралық жарыс өтеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл ұсынысты екі дүркін Әлем барысы Айбек Нұғымаров облыс әкімдігінде өткен жиында айтты.

«Абай ауданының орталығы Қарауыл ауылында 14-16 тамыз аралығында ұлттық ат спорты түрлерінен фестиваль өтеді. Соған қазақ күресінен халықаралық жарысты қоса өткізсек. Қазірдің өзінде бұл додаға Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Моңғолия және Ресей елдерінің палуандары қатысуға ниет білдіріп отыр», - деді Айбек Нұғымаров.

Бұл ұсынысқа аймақ басшысы Даниал Ахметов бірден қолдау білдірді. «Өте жақсы бастама. Қолдаймын. Бұл жарысты өткізу үшін тиісті қаражат бөлеміз», - деді облыс әкімі.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив