KZ
Өскемен
-12°
небольшая облачность жел 2 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Қазақстанның бірқатар өңірлерінде -6 градусқа дейін үсік жүреді

5.05.2020, 21:39 206

Қазақстанның бірқатар аймақтарында үсік жүруіне байланысты дабылды ескерту жарияланды деп хабарлайды Altaynews тілшісі  "Қазгидромет" метеоқызметіне сілтеме жасап.

6 мамыр күні Батыс Қазақстан облысында және Оралда кей жерлерде найзағай болып, желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Түркістан облысының таулы өңірлерінде қалың жаңбыр жауады. Кей жерлерде бұршақ жауып, найзағай ойнап, дауыл соғуы ықтимал. Шығыстан соққан желдің екпіні – 15-20 м/с. Жауын-шашын салдарынан мұнда өзендерде су деңгейінің көтерілу қауіпі бар.

Шымкентте түнгі және таңғы уақытта найзағай ойнап, дауыл соғады.

Ақмола облысында түнде минус 3 градусқа дейін үсік жүреді.

Нұр-Сұлтанда түнгі уақытта минус 2 градусқа дейін үсік жүреді деп болжануда.

Көкшетау: түнде минус 1 градусқа дейін үсік жүреді.

Алматы облысы: солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні кей жерлерде 15-20 м/с дейін күшейеді.

Талдықорғанда күндіз желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.

Павлодар облысында минус 1-6 градусқа дейін үсік жүреді.

Атырау облысында кей жерлерде найзағай ойнап, жел тұрады.

Атырауда желдің екпіні 15-18 м/с дейін жетеді деген болжам жасалды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу