KZ
Өскемен
+6°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, В
443.37 474.49 4.83

Сегіз облыста ескерту жарияланды

22.09.2019, 06:31 270

Нұр-Сұлтан мен Қазақстанның сегіз облысында қатты жел, күн күркіреуі және жылбысқа қарға байланысты дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сайты.

Қазгидромет мәліметінше, 22 қырүйекте Нұр-Сұлтанда таңертең және күндіз оңтүстік-шығыстан соққан жел батысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз күн күркіреп, бұршақ жауады.

22 қыркүйекте Маңғыстау облысында кей жерде күн күркірейді, солтүстік-батыс және батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с. Ақтауда 22 қыркүйекте оқтын-оқтын күн күркірейді, солтүстік-батысан соққан желдің ұйытқуы - 18 м/с.

22 қыркүйекте күндіз Қызылорда облысында кей жерде күн күркірейді, шаңды дауыл соғады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні түнде 15-20 м/с, күндіз 15-20, ұйытқуы 25 м/с-қа жетеді.

23 қыркүйекте Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында оңтүстік-батыс пен батыстан соққан желдің екпіні 15-20, кей жерде 23-28, ұйытқуы 30 м/с-қа жетеді. 24 қыркүйекте түнде кей жерде жауын-шашын түседі: жаңбыр, жылбысқа қар, 1-3 градус үсік жүреді.

23-24 қыркүйекте Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында оңтүстік-батыс, батыстан соққан желдің екпіні 15-20, кей жерде 23-28 м/с, ұйытқуы 30 м/с. 23 қыркүйекте түнде жаңбыр, жылбысқа қар жауады, 1-3 градус үсік жүреді.

 

23-24 қыркүйекте Павлодар облысында оңтүстік-батыс, батыстан соққан желдің екпіні 15-20, кей жерде 23-28 м/с, ұйытқуы 30 м/с-тан асады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив