KZ
Өскемен
+1°
небольшой снег жел 2,5 м/с, ОБ
494.87 520.65 4.91

Қазақстанның жеті облысында түнде қатқақ жүреді

29.09.2019, 12:50 348

Қыркүйектің соңғы күндерінде Қазақстан аумағында күн райы тұрақсыз болмақ. Кей жерлерде жауын-шашын болып, қар аралас жаңбыр жауады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

«Қазгидромет» РМК ақпараты бойынша, республиканң басым бөлігінде желдің екпіні 15-25 м/с дейін күшейеді. Оңтүстік аймақтарда шаңды дауыл тұрса, оңтүстік-шығыста бұршақ жаууы мүмкін.

Жамбыл облысында желдің екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді, Түркістан облысында дауыл соғады деп болжануда.

Алматы, Қызыорда, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде найзағай ойнап, желдің екпіні 15-23 м/с дейін күшейеді. Алматы облысында бұршақ жауады. Ақмола облысында тұман түсіп, көктайғақ болуы және желдің күшеюі ықтимал. Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында кей жерлерде тұман түседі.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында жел соғады, екпіні -15-25 с/с дейін. Солтүстікте түнгі және таңғы уақытта тұман түседі, Қарағанды облысында – көктайғақ. Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында түнгі уақытта 3 градусқа дейін суытып, қатқақ жүреді.

Сонымен қатар, Қызыорла, Түркістан облыстарында, Жамбыл облысының батысында, Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстік-батыс аймақтарында, ШҚО-ның солтүстігінде өрт қауіпі бар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу