KZ
Өскемен
-1°
туман Штиль
494.87 520.65 4.91

Өскеменде еріктілердің арасында 80 жастағы әже де жүр

11.04.2020, 05:25 163

Өскеменде халыққа көмек көрсетіп жүрген еріктілер арасында 80 жастағы әже бар деп жазады time.kz басылымы.

Әр жастағы, қарапайым азаматтар мұқтаж жандарға қол ұшын созу үшін бірігіп жүр. «Творим добро» атты қозғалыстың үйлестірушісі Татьяна Беркманың айтуынша, еріктілердің жұмысы көп. Себебі олар алдымен мұқтаж адамдарға керек азық-түлікті алып, оны іріктеуі, сондай-ақ мейірімді жандар берген киімдерді реттеп, оны күтіп отырған адамдарға бөліп апарып беру қажет. Мұндай жұмыстардың көлемі коронавирус індеті шыққалы бері көбейіп кеткен.

«Көбісі түсінбей, еріктіліктің саған пайдасы жоқ, не үшін жасайсын деп сұрайды. Енді біз бірікпесек болмайды ғой. Себебі коронавирусқа дейін жағдайы болғандардың өзі келер күнге қорқынышпен қарап отыр. Бұл жерде енді індеттен бұрын жағдайы нашар болған адамдарды айтудың өзі артық. Олар қайтеді? Бізден көмек сұраушылар көбейіп жатыр», – дейді Татьяна Беркман.

Мұқтаж жандарға көмектесіп жүрген еріктілердің саны бүгінгі таңда 120 адамға жеткен. Бұл айтарлықтай ауқатты емес, бірақ пейлі кең адамдардан тұратын қозғалыс. Еріктілерге ешкім айлық төлемейді, олардың демеушілері де жоқ.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу