KZ
Өскемен
-13°
туман жел 1 м/с, З
495.28 518.41 5.44

Өскемендегі «Казцинк» карантиндегі мұқтаж жандарға көмек көрсетті

8.04.2020, 11:10 272

Өскемендегі «Казцинк» карантин кезінде жалғыз өзі тұрып жатқан тұрғындарға көмек көрсетті. Компания қаланың қоғамдық кеңесі бастаған бастаманы қолдап, мұқтаж адамдарға азық-түлік пен өзге де қажетті деген заттарды жеткізіп берді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Мәселен бүгін Потанин көшесінде жалғыз тұратын қарттар «Казцинктің» көмегіне ие болды. Бірнеше күн бұрын бұл көшедегі көпқабатты үйлер карантиндік аймаққа енгізіліп, толығымен оқшауланған еді. Содан бері мырзақамақтағы тұрғындарға ең қажет деген заттар жеткізілуде.

– Аталмыш аудандағы үйлерде азық-түлікке тапсырыс беруге мүмкіндігі жоқ, бір өзі тұратын адамдар бар екенін білдік. Сондықтан ең бірінші қажет деген тауарлар толтырылған себеттерді үйді-үйге жеткізіп бердік, – дейді қалалық қоғамдық кеңестің төрағасы Елена Березинская-Абилова.

Дәл осы бастаманы «Казцинк қолдап отыр.

 – COVID-19 індеті әлемді дүр сілкіндірді. Әлбетте, ел іші де әбігерге түсті. Бұл біздің адамгершілігіміз сынға түсетін сәт. Қоғам тарапынан әлдебір ерекше көмекке мұқтаж жандар әрдайым табылады. Сол себепті біз қоғамдық кеңестің бастамасын қолдап, оқшауланған аймақта жалғыз тұрып жатқан жандарға көмек көрсеттік. Бар ауыртпашылық артта қалып, адамдар қалып өмір арнасы қайта түседі деп сенеміз. Осыған шын жүректен тілектеспіз! – дейді «Казцинк» ЖШС-ның әкімшілік мәселелер жөніндегі атқарушы директоры Андрей Лазарев.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу