ШҚО-ға Қытай шекарасынан бірде-бір адам өткен жоқ (видео)
Зайсан ауданының Сарытерек және Айнабұлақ ауылының тұрғындары «Қытайдан келгендерді коронавирусқа байланысты осы ауылдардағы медициналық пункттерге орналастырады» деген әлеуметтік желіде таралған ақпараттың желеуімен наразылық білдіргені туралы жазған едік. Бүгін облыс әкімі Даниал Ахметов Зайсан ауданына жол тартты. Ол тұрғындармен кездесіп, мән-жайды түсіндіруде, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
- Шекарадан ешқандай өзге елдің азаматтары өткен жоқ. Бірақ шекараның арғы жағында бес зайсандық азамат тұр. Олардың денсаулығын бақылау үшін 14 күнге Өскеменге алып кетеміз, - деді Даниал Ахметов.
Қазір екі ел арасындағы шекарада түсірілген бейнежазбалар да пайда болды. Шекарадағы жағдай тыныш. Ары-бері өтіп жатқан адамдар жоқ екеніне көз жеткізуге болады.