KZ
Өскемен
-11°
плотный туман жел 1 м/с, С
498.55 524.28 4.75

Алтай ауданындағы перзентхана 120 мың болашақ анаға қызмет көрсетпек

30.11.2019, 05:19 201

Алтай қаласында қайта жөндеуден өткен Ауданаралық аурухананың перзентханасы үш ауданның тұрғындарына қызмет көрсетпек. Бұл жөнінде бүгін облыс әкімі Даниал Ахметовтың Алтай ауданына жасаған жұмыс сапары барысында белгілі болды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Жылына 120 мың болашақ ананы қабылдауға қауқары бар перзентхана бұдан былай үшінші деңгейге ауысады. Жалғыз Алтай ауданына ғана емес, сондай-ақ Катонқарағай, Күршім аудандарын да қатар қамтитын мекемеге өткен жылы 357 млн. теңгеден астам сомаға 67 медициналық құрылғылар мен техника сатып алынған.

- 2018 жылы Алтай ауданындағы инсульттік орталық пен перзентхананың 9 маманы Ұлыбританияда білімдерін жетілдіріп келсе, биыл перзентхананың бес қызметкері Литваның Вильнюс қаласында оқудан өтті, - деді Даниал Кенжетайұлы.

Қоса кетсек, қазіргі уақытта перзентхананың екінші және үшінші бөліктеріндегі жөндеу жұмыстары аяқталған. Ғимараттың ішкі жөндеу жұмыстары 70 пайызға, ал қасбетінің жұмыстары 90 пайызға аяқталып, бөлінген қаражат 88 пайызға аяқталған. Перзентхананың жөндеу жұмыстарын толықтай аяқтау 2019 жылдың 15 желтоқсанына жоспарланған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу