KZ
Өскемен
+20°
ясно жел 2 м/с, Ю
481.84 531.33 5.07

Даниал Ахметов жұмыс сапарымен Алтай ауданына барды

2.03.2020, 05:28 253

Аймақ басшысы Даниал Ахметов жұмыс сапарымен Алтай ауданына барып, кардиологиялық орталықтың құрылыс жұмысының барысымен танысты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Біз бұған дейін екі ауданда кардиологиялық орталық салынатынын хабарладық. Оның бірі Аягөз болса, екіншісі осы Алтай ауданы болатын. Облыс әкімі құрылыс жұмысының барасын байқап, аудандық маслихаттың жіті бақылауға алуын тапсырды.

Осыдан кейін Даниал Кенжетайұлы  Грехово елді мекеніндегі оңалту орталығына барды. Өткен жылы ауданаралық аурухананың перзентханасында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген еді.  Перзентхананы аймақтандырудың 3-деңгейіне көтеру үшін 31 атаулы медициналық жабдық сатып алынған.

– Өмірге келген сәбидің әке-шешесі, ата-әжесі бар... баланың қызығын бірге көріп, туыс-туғаны қуанышқа көзайым болуы тиіс. Марқакөлден Өскеменге немесе Үржардан Семейге сандалып жүрудің қажеті жоқ. Сондықтан перзентхананың мүмкіндіктерін 2-деңгейге дейін көтереміз, – деді аймақ басшысы.

Өткен жылы перзентхананың бес қызметкері шетелдік озық емханаларда, сондай-ақ Семей мемлекеттік университетінің базасында және Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларындағы ғылыми орталықтарда білім алып, біліктіліктерін шыңдағанын айта кету ләзім.

– Мамандарды оқыта береміз. Литвада оқу – жаман емес. Бірақ ол да аралық кезең. Дұрысы, Германияда, Англияда немесе Еуропада білім алу. Осы елдерге мамандарды жіберіп, кәсіби біліктіліктерін шыңдауға жағдай жасаймыз, – деп түйді Даниал Ахметов.

Осы орайда айта кетуіміз керек, 2019 жылы ауданаралық ауруханаға 6 жас маман келді: екі акушер-гинеколог, екі хирург, бір анестезиолог, бір травматолог. Ал Грехово кентіндегі оңалту орталығындағы стационарда емделушілердің жеке қажеттіліктерін ескере отырып, жасы мен денсаулық жағдайына қарай арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Орталықта 80 төсек-орын бар. Емделушілер 1 айдан 6 айға дейін қаралады.

 

 

 

 

  

   

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив