ШҚО әкімі жұмыс сапармен Алтай ауданына барып қайтты
Бүгін Алтай ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Даниал Ахметов Ауданаралық аурухананың жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жаңа туған нәрестелер бөлімшесіндегі құрылыс барысымен танысты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бүгінде 1956 жылы салынған ескі ғимараттың бір бөлігіндегі жұмыстар аяқталған. Кәріз және жылу жүйелері жаңартылған ғимараттың тек желдету жүйесін жөндеу ғана қалған.
Барлық жұмыстарды 9 шілдеге дейін аяқтауды тапсырған өңір басшысы 10 шілде күні кезекті іссапарымен келіп, жұмыс қорытындысына баға беретінін ескертті.
Оқи отырыңыз