KZ
Өскемен
-1°
небольшая облачность жел 2 м/с, В
495.95 524.37 4.98

Өскеменде дзюдодан халықаралық турнир өтуде

28.11.2019, 10:56 229

Өскеменде дзюдодан КСРО спорт шебері Марат Чегеевті еске алуға арналған халықаралық турнир өтуде. Аталмыш жарыс осымен 18-ші рет жалауын желбіретіп отыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Қаладағы Жекпе-жек сарайында өтіп жатқан додаға еліміздің мықты деген татами шеберлерінің бәрі қатысуда. Тіпті өзбекстандық балуандар да келген. Дзюдошылар 14 салмақ дәрежесі бойынша сынға түсуде. Турнир аясында ерлермен қатар қыздар да өзара мықтыны анықтайды. Жарыстың бір ерекшелігі – жеңімпаз атанған дзюдошылар спорт шебері атағына ие болмақ. Сол себепті бозкілемдегі белдесулердің қай-қайсысы да тартысқа толы. Мұны ұйымдастырушылар да, республикалық дзюдо федерациясының өкілдері де айтуда. Турнирдің жоғары деңгейін жарыстың ашылуына қатысқан Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар да атап өтті.

– Халқымыз үшін күрес өнерінің орны қашан да бөлек болған. Бұған әйгілі Қажымұқан мен Балуан Шолақ сияқты жауырыны жер иіскемеген апайтөс балуандарымыздың өмірі дәлел бола алады. Өскелең ұрпақ үшін мұндай шаралардың мән-мағынасы зор екенін түсіну керек. Сол себепті біз қаламызда осындай жарыстардың өткізілуіне алдағы уақытта да қолдау білдіре бермепіз. Барлықтарыңызға сәттілік тілеймін, – деді Ж.Омар.

Ал республикалық дзюдо федерациясынан келген меймандар Шығыстан шыққан Марат Чегеев, Талғат Ақтаев, Советқан Төлеев, Айдын Смағұлов, Руслан Сейілханов, Талғат Әміренов, Дастан Ықыбаев, Гүлжан Исанова сияқты чемпиондардың жолын жалғастыратын жастар көп болсын деген тілек білдірді.
Облыстық денешынықтыру және спорт басқармасынан хабарлағандай, қазіргі уақытта аймақта 700-ден астам дзюдо секциясы жұмыс істеп, онда төрт мыңнан аса спортшы жаттығуда екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу