KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 4 м/с, ОШ
494.63 583.22 6.42

Қандай әріптер мемлекеттік нөмірде рұқсат етілмейді?

Фото: kolesa.kz

5.02.2026, 18:30 101 Төлеуғазы Жансая

Биыл қаңтардан бастап жүргізушілер мемлекеттік нөмірге тапсырыс бергенде тек бірдей немесе қайталанатын цифрлармен шектелмей, VIP категорияға кірмейтін кез келген комбинацияға өтініш бере алады. Бұл өзгеріс жеке нөмірге сұранысты жеңілдетуді мақсат етеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі kolesa.kz порталына сілтеме жасап.

Алайда 2018 жылдан бері елде тыйым салынған әріптік комбинациялар бар. Оларға мәдениетке жат немесе сөйлеу мәдениетіне сай емес деп танылған сөздер мен әріптер кіреді.

Қазақстанда жеке тұлғаға берілмейтін комбинациялар:

GEI, GEY, GAY, JID, GON, GAD, CON, QUM, GOD, EBI, EPT, IIM, ISK, GOS, IIN, QYS, JUN, BOQ, SIK, SYK, QOR, QAS, QOI, JOI, JYN, HUI, XUI, HUY, HYI, XUY, QUL, QAN, JUT, QYQ, TYQ, JMI, GAI, VOR, BOP, FUK, FAK, FUC, FAC, LOH, LOX, IOX, IOH, COX, KOX, AAM, AMM, BOK, CEX, FBP, FBR, HER, KAL, KOT, LOX, MAL, OON, SOR, SOP, SOS, SEX, USA, XER, XYE, ZEK

Бұл тізім жүргізушілер нөмір таңдау кезінде ескеретін ресми талап болып табылады. Енді кез келген комбинацияға тапсырыс бере алса да, осы әріптік комбинацияларды қамтитын нөмірлер жеке тұлғаларға берілмейді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу