KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, СБ
444.79 481.04 4.95

Өскеменде дзюдо додасы басталды. 300 спортшы қатысады

4.05.2019, 12:19 146

Өскеменде дзюдодан Талғат Ақтаевты еске алуға арналған дәстүрлі дода – Қазақстанның ашық чемпионаты басталды.

23 жасқа дейінгі ерлер мен қыздар арасындағы бәсекеге 300-ге жуық спортшы қатысып, 14 салмақ бойынша өзара мықтыны анықтауда. Олардың арасында еліміздің түкпір-түкпірінен келген татами шеберлерімен қатар, Грузия, Өзбекстан, Тәжікстан мен Ресейдің мықтылары да бар.

Айта кетейік, облыс орталығындағы Жекпе-жек сарайында өтіп жатқан байрақты бәсеке екі күнге созылады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ел біріншілігінің медальдарымен бірге, Талғат Ақтаев атындағы арнайы жүлделерге табысталады. Сондай-ақ әр салмақта алғашқы екі орынға көтерілген дзюдошылар спорт шебері атағына ие болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив