KZ
Өскемен
туман жел 1 м/с, С
478.93 534.96 5.16

Шахмат чемпионатына 100-ге тарта жас спортшы қатысты

6.11.2019, 07:42 139

Жас шахматшылар арасында өткен облыс чемпионаты аяқталды. Жеңімпаздар облыс атын республикада қорғайды, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.

«Алтай» аймақтық технопаркіндегі чемпионат классиккалық шахматтан 6, 8, 10, 12, 14, 16, 18 жастағы ұлдар мен қыздар арасында болды. Оған 93 өрен қатысты.

– Сайыстың деңгейі жоғары болды. Біз Шахмат федерациясы атынан сайысқа демеушілік көрсеткен ұйымдарға алғыс айтамыз. Жеңімпаздар енді қаңтар айында өтетін республикалық додаға қатысады, – деді шахматан облыстың бас жаттықтырушысы Алмагүл Чакеева.

Жүлделі орын алған шахматшылар республикалық кезеңге барады.

Ұлдар: Оралхан Арсен (8 жас), Балтаев Р. (10 жас), Думанұлы Сұлтан (12 жас), Ақылбек Жақсылық (14 жас), Абузяров Арлан (16 жас), Рылский Григорий (18 жас),

Қаздар: Апсаликова Ажар (10 жас), Қырықбаева Тоғжан (12 жас), Думанқызы Аль-Фараби (14 лет), Сайранғазыева Сабина (16 жас), Полякова Полина (18 жас).

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив